Алматы қалалық Жасыл экономика басқармасы Гагарин-Березовский көшелерінің қиылысындағы теректердің заңсыз оталуына қатысты түсінік берді.
«Аталған мекенжайда 3 терек оталғаны анықталды. Бұл ағаштарды кесу үшін басқармаға өтініш түспеген. Яғни, басқарма рұқсат бермеген. Табиғатты қорғау прокуратурасының хабарлауынша, ҚР ӘқбК 386-бабына сәйкес жеке тұлғаға айыппұл салынды»,- деді басқармадан. Енді айыпты тұлғалар өтемақы ретінде жалпы қолданыстағы жерлерге жаңа көшеттер отырғызуға міндеттеледі. Ол орындарды басқарма анықтайтын болады. Алматыда ағаш кесу деректері көпшіліктің наразылығын тудырады.
ҚазАқпарат