
Алматыдағы Ұлттық кітапханада белгілі журналист, ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор Темірбек Қожакеевтің туғанына 100 жыл толуына арналған еске алу кеші өтті.
Іс-шараға шығармашылық зиялы қауым өкілдері, журналистер, ғалымның әріптестері, шәкірттері мен туған-туыстары қатысты.
Кеш аясында Темірбек Қожакеевтің қайта басылып шыққан «Көк сеңгірлер» және «Үркіншілік» кітаптары таныстырылды.
Қатысушылар ғалымның өмірі мен шығармашылық жолы, қазақ журналистикасының дамуына қосқан үлесі, сондай-ақ ғылыми-педагогикалық қызметі туралы ой бөлісті.
Темірбек Қожакеұлы Қожакеев қазақ сатирасының тарихы мен жанрлық ерекшеліктерін зерттеп, сатиратану ғылымының дамуына елеулі үлес қосты. Ол – «Қазақ сатирасы», «Абай – сатирик», «Сатира және дәуір», «Сатира негіздері» сынды бірқатар іргелі ғылыми еңбектің авторы.
Еске алу кеші Темірбек Қожакеевтің ғылыми және шығармашылық мұрасын сақтау мен насихаттауға, жас ұрпақты ғалымның еңбектерімен таныстыруға арналды.
JQ-Aqparat
Сурет: мәдениет және ақпарат министрлігі