jasqazaq.kz

Алматыда тау бөктерінде 40 см қар түсті

15 қараша 2021, 10:28

Алматыда жауған жауынның арты қарға ұласты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Кеше түнгі 01.00-де басталған жауын-шашынның артынан 9.00-де таулы және тау бөктерлеріндегі аймақтарға 40 см, ал қалаға 5-8 см қар түсті. Қаланың жоғарғы бөлігінде көктайғақтың алдын алу үшін қар жауа бастасымен көктайғаққа қарсы материал себіліп, қарды тазалау басталды. Тротуар, жаяу жүргінші алаңдары, қоғамдық көлік аялдамалары, қалтарыстағы жолдарды және басқа да қоғамдық орындарды тазалауға көңіл бөлінді. Оған түнде 498 техника жұмылдырылды, оның 178-і құм шашатын техника. Сонымен қатар 280 жұмысшысы жол тазалауға шықты. Сағат 09.00-дегі жағдай бойынша қалада 920 тонна тайғаққа қарсы материал пайдаланылды. Бүгін таңертең 545 техника, оның ішінде 197 құм шашқыш пен 1 494 жол жұмысшысы жұмылдырылды. Қазгидрометтің болжамы бойынша жауын-шашын бүгін түстен кейін тоқтайды.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде