jasqazaq.kz

Алматыда тапсырыспен көлік өртеген күдіктілер ұсталды

08 қыркүйек 2021, 13:37

Алматыда тұрғынның көлігін әдейі өртегендер мен оған тапсырыс беруші анықталды, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Оқиға мамырдың аяғында болған. 33 жастағы әйелге тиесілі «Киа» маркалы көлікті үш адам әдейі өртеп жіберген. Зерттеу кезінде жанғыш сұйықтық пайдаланылғаны анықталған.

«Күдіктілер дереу анықталды. Олар көлікті өртеу дерегін мойындады және А. есімді азаматша тапсырыс бергенін айтты. Әйел оларға 400 мың теңге сомасында сыйақы ұсынған. Қылмыс жасағандар ҚР ҚК-нің 202-бабы 2-бөлігі бойынша жауапқа тартылды және қамауға алынды. Тапсырыс берушінің әрекеттері ҚР ҚК-нің 28-бабы 3-бөлігі, 202-бабы 1-бөлігі бойынша тіркелді. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Соталды тергеу органы А. есімді азаматшаға қатысты «қамауда ұстау» түріндегі шара қолдануды ұйғарды», — деді Алматы қаласы Полиция департаменті Тергеу басқармасының бастығы Мұхамедәлі Сейсенұлы.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық