jasqazaq.kz

Алматыда таксист қызға қарақшылық шабуыл жасалды

05 тамыз 2021, 21:29

3 тамыз күні Алматыда 25 жастағы таксист қызға қарақшылық шабуыл жасалды. Полицейлер бұдан бұрын қарақшылық пен ұрлық үшін сотталған күдіктілерді жедел ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, Яндекс.таксидің жүргізушісі болып жұмыс істейтін 25 жастағы қызға шабуыл жасалған. Түнгі екі шамасында ол шақыртуды қабылдап, «Саяхат» ауданына жеткізу керек болған клиенттерді алып кетеді. «Оның айтуынша, көлікке екі мас жігіт отырған. Көрсетілген жерге жеткеннен кейін олардың біреуі қыздың мойнына бұғалық салған. Таксист қыз есінен танып, жолаушылар отыратын артқы орындықтың астында оянады. Қыздың банк картасы мен телефонын алып, оны «Теректі» шағынауданында көліктен тастап жіберген. Кейін жүргізуші қыз полиция шақырды», — деді ПД-де. Келген полицейлерге ол күдіктілердің белгілерін айтып берді. Жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында 1987 және 1998 жылы туған ер адамдар ұсталды. Аталған факті Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізіліп, ҚР ҚК-нің 191-бабы 2-бөлігі 3-тармағына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия