jasqazaq.kz

Алматыда такси жүргізуші жол ақысына 23 мың теңге алған

27 ақпан 2019, 14:20

Алматылық такси жүргізуші жолаушыны қала ортасына жеткізгені үшін 23 мың теңге алған. Бұл туралы Алматы халықаралық әуежайының Фейсбуктегі парақшасында жарияланды.

Әуежайдың ресми серіктесі AportTaxi жүргізушісі жолаушы әйелді әуежайдан қаланың орталығына дейін жеткізгені үшін 23 000 теңге алған. Алайда 17,5 мың теңгеге чек берген. Мұндай өрескел заңбұзушылықтар туралы жолаушылар жиі шағымданады. «AportTaxi Алматы әуежайының ресми серіктесі екені рас. Оның барлық көліктеріне фирмалық логотип басылған. Терминалдарда, автотұрақта да оларға арнайы орындар бөлінген. AportTaxi жолаушыларының барлығы төлем туралы түбіртек алады», — деді баспасөз қызметінен. Қазір әуежай басшылығы бұл дерекке қатысты ішкі тексеру жұмыстарын бастады. Хабарламада айтылғандай, жолаушыға берілген түбіртек жалған болып шыққан. AportTaxi түпнұсқа түбіртегі ашық жасыл түсті болады. Жолаушы Ресей рублімен төлеймін дегенде жүргізуші қарсы болмаған. Ол әйелге артық төленген ақшасын қайтаруға уәде етті.

Дереккөз: ҚазАқпарат

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде