
Алматыда тұрғын үйдің жанында орналасқан дөнер дүңгіршегі өртенді.
«Алматы қалалық ТЖД-нің кезекшілік пультіне өрт туралы хабарлама 20 маусым күні сағат 15:06 түскен. Алмалы ауданы, Байтұрсынов көшесінде орналасқан «Дегирмен» дөнер дәмханасын көк түтін басқаны анықталды. Өрт сөндірушілер оқиға орнына 7 минутта жетті.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Мәлім болғандай, жалын 4 қабатты екі тұрғын үйдің жанына салынған дөнер дүңгіршегінің шатырынан басталған», — дейді ТЖД ресми өкілі Сандуғаш Баймұхамбетова. Тілсіз жау сағат 15:21-де толықтай ауыздықталды. Қызыл жалын 100 шаршы метр аумақты шарпыған. Зардап шеккендер жоқ. Төтенше оқиғаға түтін шығатын мұржаға жиналған қалдық майлар себеп болған.