jasqazaq.kz

Алматыда тағы да газ жарылып, бір адамды күйік шалды

13 қараша 2019, 14:17

Алматыда газ жарылып, ер адамның денесінің 30% күйік шалды. Алматыда газ бен ауа қоспасының жарылуынан болған апат жиі тіркеліп отыр. Мамандардың айтуынша, көбіне газ-ауа қоспасы бөлменің төбесінде жиналып тұрады. Электр құрылғысы қосылғанда немесе өшірілгенде тарс етіп атылады. «12 қарашада Әуезов ауданында газ бен ауа қоспасы жарылып, ер адамның денесінің 30%-ын күйік шалды. Ол ауыр жағдайда №4 ауруханаға жеткізілді. Бұл апат газ құрылғысын дұрыс пайдаланбаудан болған. Ер адам үйіне келіп, итіне тамақ жылытып жатқан. Газды қосып кеткенде байқаусызда от өшіп қалған. Сәйкесінше, газ концентрациясы ауада жинала берген. Қайтып келген үй иесі қайтадан сіріңке жағып, от тұтатпақ болған. Сол сәтте жарылыс болды», — деді спикер. Сонымен қатар, 11 қарашада жантүршігерлік жарылыс болды. Жетісу ауданында 3 қабатты үйдің 1-қабатындағы пәтерде газ бен ауа қоспасы жарылып, 3 адам ауыр жарақат алды. Дәрігерлердің айтуынша, олардың денесін 40-100% күйік шалған. Кеше 100% күйік алған 36 жастағы ер адам көз жұмды. Қалған екі адам әлі де жансақтау бөлімінде жатыр.

ҚазАқпарат

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда