jasqazaq.kz

Алматыда тағы бірнеше ағаш заңсыз кесілген

25 қараша 2020, 17:39

Алматыдағы «Көктем-2» шағынауданында бірнеше ағаш заңсыз кесілді. Бұл туралы Жасыл экономика басқармасынан мәлім етті.

Бұл жолы Тимирязев көшесінің бойында орналасқан «KFC» жылдам тамақтану желісі маңында төрт қарағашты заңсыз кесіп тастау фактісі анықталды. Алматы қалалық Жасыл экономика басқармасынан атап өткендей, аталған мекенжай бойынша ағаш кесуге өтініш түскен жоқ және ешқандай рұқсат берілмеген.

«Дүйсенбі күні Алматы Полиция департаментімен бірге жер учаскесінің иесі Р.Есенғалиевке қатысты ҚР Әкімшілік кодексінің 386-бабы (Жасыл аймақтарды күтіп ұстау және қорғау ережелерін бұзу) бойынша әкімшілік хаттама жасалды және заңға сәйкес 15 АЕК айыппұл салынды», — деп хабарлады басқармадан.

Өтемақы ретінде жалпы пайдалану орындарында 40 жапырақты көшет отырғызылатын болады. Еске сала кетсек, 23 қарашаға қараған түні Алматыда сауда үйінің жанында (Әуезов-Төле би көшелерінің қиылысы) жайқалған емен мен қарағаш оталды. Бұған қатысты тұрғындар әлеуметтік желіде наразылық білдірді.

«Қазір аудан әкімдігі мен Полиция департаменті кесілген ағаштардың тұқымы мен сапасын анықтау үшін оқиға орнында жұмыс істеп жатыр. Айыпты тұлғалар анықталған соң Полиция департаменті оларды жауапкершілікке тартады. Толығырақ ақпаратты анықтау жұмыстары аяқталған соң жариялаймыз», — деп мәлім еткен болатын қала әкімдігінен.

ҚазАқпарат

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия