jasqazaq.kz

Алматыда тағы бір қаржы пирамидасы анықталды

16 шiлде 2021, 10:36

Алматы қаласы бойынша Қаржылық мониторинг агенттігінің аумақтық департаменті қалалық прокуратураның үйлестіруімен «World Business Consulting» қаржы пирамидасын құру және оған басшылық ету дерегі бойынша бірқатар тұлғаларға қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады, деп хабарлайды zakon.kz.

Қаржы пирамидасын ұйымдастырушылар азаматтарға World trend Strategies, Confidence World Group, HUBB international, Riviera imperial, Asteco және басқа үлестес компаниялардың инвестициялық жобаларына ақшалай қаражат енгізуді ұсынды. Өз кезегінде, бұл компаниялар заңды қызметтен емес, жаңа салымшылардың қаражаты есебінен сыйақы алуға кепілдік беріп отырған, делінеді ҚР ҚМА хабарламасында.
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің қорытындысына сәйкес, «World Business Consulting» қызметінде қаржы пирамидасының белгілері анықталды.

Қазіргі уақытта тергеу-жедел іс-шаралары жүргізілуде. ҚМА азаматтарды сақ болуға және өз жинақтарын күмәнді қаржы ұйымдарына салмауға шақырады, — дейді агенттіктегілер.
Егер Сіз немесе Сіздің жақындарыңыз «World Business Consulting» қызметіне кез болған жағдайда, Алматы қаласы бойынша ЭТД-ге Жібек Жолы даңғ., 127 мекенжайы және 8-775-923-40-90, 8 708 192 2818 телефондары бойынша хабарласуыңызды сұралады. Басқа қалалардың тұрғындары тиісті қаланың/облыстың ҚМА аумақтық департаментіне жүгіне алады.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия