jasqazaq.kz

Алматыда сымы үзілген троллейбустар кептеліс туғызды

04 сәуiр 2019, 15:31

Алматыда бірнеше троллейбустың сымы үзіліп кетіп жолда кептеліс туындады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Салдарынан Тимирязев көшесінде тұрып қалған қоғамдық көліктер BRT желісінің жүйткіген автобустарына кедергі болып тұр. «Алматыэлектротранс» ЖШС оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. «Бұл жерде трос үзіліп кетуі мүмкін. Не болмаса электр энергиясынан ажырап қалуы мүмкін. Себептерді анықтап жатырмыз. Қазір жүргізушілер диспетчерлермен байланыста. Егер трос үзілген болса, онда 1 сағат ішінде сымдар қайта қалпына келтіріліп, жол қозғалысы қайта жанданады. Оқиға орнына мамандар жіберілді», — деді «Алматыэлектротранс» ЖШС басшысы Ризван Цинаев. Оның айтуынша, троллейбустар электр энергиясымен қозғалады. «Жақын арада автономды электр энергиясына жалғану үшін қосымша аккумуляторлар сатып алу жоспарда бар. Бұл болашақта тоқтың үзілуінен болатын проблемаларды жояды», — деді Цинаев. Айта кету керек, бұл көліктер 2012 жылы сатылып алынған.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда