jasqazaq.kz

Алматыда суықтан әбден тоңып қалған сәби табылды

14 қазан 2017, 13:40

Алматыдағы Түрксіб ауданында кешкі сағат тоғызда қатты тоңып қалған бір жасар бала табылған.

Бұл туралы patrul.kz-ке сілтеме жасап, NUR.KZ хабарлады.

Баланы Спасская көшесінің бойынан 8 қазан күні сағат 21:30-да тауып алған.

Оны №1 балалар клиникалық ауруханасына жеткізіп, гематологиялық бөлімшесіне жатқызған. Дәрігерлер баланы тексерістен өткізіп, оның аман сау екеніне көз жеткізген.
«Талдау нәтижелері бойынша оның ешқандай ауытқуы жоқ екені анықталды. Жақсы тамақтанады. Сөйлей алмайды. Бірақ барлығын түсінеді. Егер бұл баланы іздеп жүрген жандар болса, балалар ауруханасының гематология бөлімшесіне келіп, алып кетуіңізге болады», — дейді гематология бөлімшесінің аға медбикесі Маржан Мамаева.
Дәрігерлердің айтуынша, олар балаға барынша көңіл бөлуде. Алайда ол анасын сағынып, көздері мұңға толы екенін айтады.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде