jasqazaq.kz

Алматыда супермаркет азық-түлік бағасын негізсіз көтерген

20 қантар 2021, 13:46

Алматыда құзырлы органдар әлеуметтік маңызы жоғары азық-түлік бағасы негізсіз көтерілмеу үшін сауда үйлері мен базарлар, дүкендерді бақылап отырады.

«Жүргізілген мониторинг нәтижесіне сәйкес, қалада «Carre Food» сауда желісіндегі азық-түлік бағасы негізсіз қымбаттаған. Мұндай жағдайда сауда нысаны әкімшісі түсіндіру жұмыстарын жүргізеді», — деді Әуезов аудандық әкімдігінен.

2020 жылдың 1 желтоқсанынан қарақұмық жармасына 90 күнге 361 тг/кг (на 1,4%) шекті баға белгіленген. Сонымен қатар 30 желтосқаннан бастап қанттың 1 келісіне 30 күнге 254 теңге шекті баға белгіленген. Аудандық әкімдіктер қалалық Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасымен тығыз байланыста жұмыс істейді.

«Мәселен, ірі сауда орындары жергілікті бюджет есебінен қарыз алып, белгілі бір уақытқа азық-түлік бағасын шекті бағада ұстап тұруға міндеттеледі. Біз өз кезегімізде баға бірден шарықтап кетпеуін қадағалаймыз. Сонымен қатар, ірі сауда орындарына арзан бағада жеткізетін жеткізушілер тізімінен алуды ұсынамыз», — деді әкімдіктен.

ҚазАқпарат

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия