jasqazaq.kz

Алматыда субұрқақта ойнап жүрген балалар тоққа түсіп қалды

20 маусым 2021, 12:46

Алматыда субұрқақта ойнап жүрген балалар мен оларды құтқармақ болған әйелді тоқ соққан. Оқиға туралы әлеуметтік желі қолданушысы жазды, деп хабарлайды Stan.kz.

Желіде тоқ ұрған жеткіншектер мен әйел түсірілген видео таралды. Куәгерлердің сөзінше, екі қыз аяқкиімдерін шешіп, субұрқаққа түсейін деген.

«Олар субұрқақтағы темірге жабысып қалды. Анасы балаларын құтқармақшы болып жүгіріп барды. Олардың дауысы шықпады, сол кезде тоқ соққанын түсіндім. Мен көмекке шақыра бастадым, бірақ оларды құтқаруға ешкімнің жүрегі дауаламады. Бір кезде біз жігіт жәрдемдесуге жүгіріп келді», — деп жазды Үкілай Бестай есімді желі қолданушысы.

Абырой болғанда, әлгі жігіт қыздар мен әйелді құтқарып алған. Оған көмекке тағы бір ер азамат келген.

Оның сөзінше, бір қыз бірден есін жиған. Ал қалған екеуіне алғашқы көмекті сол маңдағы адамдар жасаған.

Қазіргі таңда тоқтан зардап шеккендердің жағдайы белгісіз.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия