jasqazaq.kz

Алматыда су арзандайды

07 ақпан 2020, 12:40

Алматыда ақпаннан бастап судың тарифі 4%-ға арзандайды.

«Сумен қамту және су ағызу саласында тариф 2014 жылдан бері өзгермеген. Басқа өңірлермен салыстырғанда Алматыда тариф ең төмен аймақтарға жатады. 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап су мен кәріз жүйесінің тарифі 10%-ға арзандаған болатын. Бұл құны 700 млн теңге болатын инвестициялық бағдарламаға кететін шығынды оңтайландырған кезде үнемделді. Қаладағы монополист «Алматы су» 2020-2024 жылғы тарифті бекітуге өтінім берген болатын. Өтінімді қарай келе Департамент сумен қамту тарифін 4%-ға азайтты. Жүктеменің көпшілігі бюджеттік ұйымдарға, заңды тұлғаларға жіберілді. Кәріз жүйесінің тарифі сол күйінше қалды», — деді Алматыда өткен брифинг барысында ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу департаментінің басшысы Болат Самбетов. Оның айтуынша, 5 жылға бекітілген тариф 2025 жылға дейін өзгермейді. Тарифтің өзгеруіне тек тек стратегиялық тауар – электр стансаларында өндірілетін электр энергиясының қымбаттауы ғана ықпал ете алады. «Ең арзан су мен кәріз жүйесі Алматыда. Ақпан айынан бастап судың тарифі 4 пайызға төмендейді», — деді ол.

ҚазАқпарат

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия