jasqazaq.kz

Алматыда студенттер егде жастағы профессорды соққыға жығып, үйін тонап кетті

30 қыркүйек 2017, 15:16

Алматыда бес студент профессорды соққыға жығып, үйін тонап кетті. Осы дерекке қылмыстық іс қозғалған. Күдіктілердің мәселесі 6 айдан бері ауданаралық сотта қаралып жатыр. Істің сиырқұйымшақтануына — жәбірленушінің алған жарақаты себеп болған.

Соқпалдай жігіттердің соққысынан оқытушының 9 қабырғасы сынып кеткен, — деп хабарлайды Almaty.tv телеарнасы. Тұрақты табыс көзі жоқ 5 студент осыдан бірнеше ай бұрын профессордың үйіне ұрлыққа түсіп, ұстаздарын соққыға жығып кетіпті. Онымен қоймай, бас-аяғы 23 миллион теңгеден аса ақшасын қолды қылған. Бұл іске бармас бұрын олар өзара сөз байласып, баспанада ірі көлемде ақшаның бар екендігін білген. Жымысқы ойларын жүзеге асыру үшін тіпті жол-жөнекей дәріханаға кіріп, медициналық бет перде мен қолғап та сатып алған көрінеді. Бастапқыда қылмыстық істе жәбірленуші жеңіл дене жарақатын алды деп қарастырылған. Бірақ кейін оның 9 қабырғасына зақым келгені анықталған.

 

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде