jasqazaq.kz

Алматыда SPA салонында интимдік қызмет көрсеткен 15 жезөкше ұсталды (Видео)

03 қараша 2021, 15:47

Алматыда SPA салонында интимдік қызмет көрсеткен 15 жеңіл жүрісті қыз ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Тәртіп сақшылары іс-шараны кеше түнде өткізді. Қалалық криминалдық полицияның мәліметінше, нысандардың бірі элиталық тұрғын үй кешеніне орналастырылса, тағы екеуі Бостандық және Медеу аудандарының аумағындағы саяжайларда қылмыстық әрекеттерін іске асырған. Бұл салондарда 15 жеңіл жүрісті қыз клиенттерге интимдік қызмет көрсеткен. Олар – Алматы қаласы, Алматы және Жамбыл облыстарының тұрғындары.

Әйелдер соттылығы бар-жоғын анықтау үшін полицияға жеткізілді. Ал ғимараттардың иелері жезөкшелікпен айналысу үшін саналы түрде үй-жаймен қамтамасыз еткені үшін, сондай-ақ жеңгетайлық бойынша жауапқа тартылды. Сондай-ақ, жедел бөлімнің хабарлауынша, жылдың басынан бері алматылық полицейлер адам саудасына қатысты 28 қылмысты анықтаған. Сонымен қатар, интимдік қызмет көрсететін 73 жезөкшелер үйі жойылды.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде