
Алматы тергеу соты Жомарт Ертаевты қамауға алды. Бұл туралы ҚазАқпарат қалалық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.
«Алматы қалалық мамандандырылған ауданаралық тергеу соты Медеу аудандық сотының 7 наурыздағы Жомарт Ертаевты қамауға алу туралы бұлтартпау шарасын негізді деп қабылдады. Қамауда ұстау мерзімі 2019 жылдың 15 наурызынан 15 мамырға дейін жалғаспақ. Үйқамақта ұстау туралы өтініш қанағаттандырылмады. Отырыс күдіктінің қатысуымен өтті»,- деді соттан.