jasqazaq.kz

Алматыда сот орындаушысы 2 миллион теңге пара алған

24 желтоқсан 2019, 12:57

Алматы қаласы Бостандық ауданының сот актілерін орындау бөлімі басшысының міндетін атқарушы пара алғаны үшін сотталды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz Антикоррупция қызметіне сілтеме жасап.

Алматы қаласының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі қалалық әділет департаментінің ішкі қауіпсіздік қызметімен бірлесіп аумақтық сот актілерін орындау бөлімі басшысының міндетін атқарушы А.Н.Әділовтің сыбайлас жемқорлық қылмысын дәлелдеді. Ол ЖШС директорынан мүлкіне тыйым салу шараларын қолданбағаны және сот актісін орындамау фактісі бойынша материалдарды ішкі істер органдарына жібермегені үшін 2 миллион теңге көлемінде пара алған. «Ағымдағы жылдың 23 желтоқсанында Алматы қаласы Медеу аудандық № 2 сотының үкімімен А.Н.Әділов пара алғаны үшін кінәлі деп танылып, оған 2 жыл 7 ай 15 күн бас бостандығынан және мемлекеттік қызметте лауазым иелену құқығынан өмір бойына айыру жазасы тағайындалды», — делінген хабарламада.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде