jasqazaq.kz

Алматыда сот 10 адамды өлтірген азаматқа үкім шығарды

20 қараша 2020, 12:55

Алматыда 10 адамды өлтірді деп айыпталған ер адам өмір бойына бас бостандығынан айырылды.

Алматы қалалық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының мәліметінше, С. есімді ер адам 2013 жылы сегіз адамды өлтіргені үшін айыпты деп танылып, өмір бойына бас бостандығынан айырылған. Ол жазасын «Қара бүркіт» қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде өтеп жатыр. Жақында оның тағы екі әйелдің өліміне қатысы бар екені анықталып, дәлелденді. Осы іске қатысты бүгін сот шешім шығарды. «2001 жылдың күзінде С. жәбірленушілер Б. мен К.-ның пәтерлерін иемдену мақсатында олардың сеніміне кірген. Сол жылдың қазан айында Б. мен К. есімді әйелдерді жалға алған үйге шақырып, онда ол басқа адамдармен бірге оларды өлтірген. Кейіннен сотталушы мен тағы басқа адамдар меншік құқығының құжаттарын иемденіп, жалған сенімхаттар арқылы пәтерлерді сатқан», — делінген соттың хабарламасында.

Алқабилер сотының шешімімен cотталушы Қылмыстық кодекстің 96-бабы, 2-бөлігі, «а, ж, з» тармақтары бойынша кінәлі деп танылып, оған қайтадан өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

ҚазАқпарат

 

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық