jasqazaq.kz

Алматыда скотч көмегімен бейнебақылау жүйесін алдамақ болған такси жүргізушісі ұсталды

28 мамыр 2022, 16:55

Алматыда такси жүргізушісі скотч көмегімен бейнебақылау жүйесін алдамақ болған. Бұл туралы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Алматы әкімшілік полициясының мәліметінше, өрескел құқықбұзушылықты «Қорғау – қауіпті жүргізуші» автоматтандырылған жүйесі анықтаған.

«Мегаполисте жалған мемлекеттік нөмірлік белгілерді пайдаланатын, автокөліктерге арнайы сигнал беру құрылғыларын орнататын көлік құралдарының жүргізушілерін, сондай-ақ мас күйде көлік құралдарын басқаратын адамдарды жауапқа тарту бойынша мақсатты жұмыстар жалғасып жатыр. Осындай рейдтерді өткізу барысында «НЕ» сериясындағы «Е» әрпінің төменгі бөлігін скотчтап, нәтижесінде «НF» нөмірімен жүрген таксопарктердің бірінің жүргізушісі ұсталды. Такси жүргізушісі осы арқылы қаланың бейнебақылау жүйелерінің назарынан тыс қалуға және жол ережесі бұзғаны үшін жазадан жалтармақ болғанын мойындады. Оның көлігі айып тұрағына қойылды. Таксопарк қызметкеріне әкімшілік шара қолданылды», — деді Алматы қаласы ПД әкімшілік полиция басқармасының бастығы полиция полковнигі Нұрлан Аманбек.

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр