jasqazaq.kz

Алматыда штаб батальоны командирі сотталды

05 желтоқсан 2019, 12:10

Қазақстан қорғаныс министрлігінің штаб батальоны командирі пара алғаны үшін сотталды.

Алматы қаласының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі хабарлағандай, 61993 әскери бөлімі штаб батальонының командирі Н.Қойбақов әскери қызметкердің әскери қызметін 1 айға жеңілдетуге 100 мың теңге пара алған. Бұған дейін жүргізілген сотқа дейінгі тергеу аяқталды.

Алматы гарнизоны әскери сотының үкімімен Қойбақов пара алғаны үшін айыпты деп танылып, оған 3 миллион теңге айыппұл төлеу жазасы тағайындалды. Ол енді мемлекеттік қызметте өмір бойы лауазымды қызмет атқара алмайды.

Бұған дейін Павлодар облысында Екібастұз қалалық қорғаныс істері жөніндегі бірлескен бөлімнің инспекторы парамен ұсталған болатын. Ол әскери билетті жасап бергені үшін делдалдар арқылы 800 000 теңгені заңсыз алған.

sputniknews.kz

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда