jasqazaq.kz

Алматыда шетелдіктерге қызмет көрстетін жезөкшелер үйі табылды

14 маусым 2019, 16:07

Алматыда шетелдіктерге қызмет көрсететін секс-притон табылды. Бұл көңіл көтеру орны жайлы бұрыннан белгілі болатын.

«Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық шарасының барасында Бостандық ауданының полиция қызметкерлері 23 жеңіл жүрісті қыздар «еңбек» еткен караоке-барды анықтады. Баспасөз қызметінің хабарлауынша, көңіл көтеру орнын тексеру барысында Оңтүстік Кореядан келген 15 «клиент» анықталған.

— Бұл көңіл көтеру орны жайлы бұрыннан белгілі болатын. Оның иелері өзгергенмен, қызметтік бағыты бәз баяғы қалпында қала берген. Ұсталғандар полиция бөлімшесіне жеткізілді. Жеңіл жүрісті қыздарға қатысты ҚР ӘҚБк 449 бабы бойынша әкімшілік жаза туралы хаттама толтырылды. Ал шетелдіктер көші-қон заңнамасына сәйкес тексеріледі. Қазіргі таңда караоке-бардың нақты иесінің кім екені анықталып жатыр. Оған қатысты заңға сәйкес жауапкершілікке тарту бойынша шара қолданылады, — деді Бостандық аудандық Полиция басқармасының бастығы полиция подполковнигі Дәурен Өтебаев.

Дереккөз: Zakon.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде