jasqazaq.kz

Алматыда Шәмші Қалдаяқовтың ескерткіші ашылды

07 қараша 2019, 11:31

Алматыда композитор Шәмші Қалдаяқовтың ескерткіші ашылды. 

Ескерткіш Республика сарайының солтүстік жағында қойылды. «Шәмші ағамыз өзінің әндерін жастарға да, жастардың маххабатына да, думанға да, ел абыройын асқақтататын жағына да бағыштаған. Ол әндерімен әр шаңырақты тербетіп қойған жоқ. Бүкіл қазақ жерін тербетті. Ел тәуелсіздік алған соң халық әртісі атағын алды. Ал бірақ халқы оның атағын одан әлдеқайда бұрын берген. «Қазақ вальсінің королі» деген. Ондай атаққа жететін атақ жоқ. Бұл – елдің, халықтың сүйспеншілігі», — деді қала әкімі Бақытжан Сағынтаев.

Ескерткіштің ашылуына өнер саласындағы азаматтар, өнерсүйер қауым, қаланың зиялы қауым өкілдері, композитордың жұбайы Жәмила Қалдаяқова және ұрпақтары келді.

«Бүгін сондай құтты күн. Келіп, бас иіп құттықтап келгендеріңізге рахмет. Шәмші Қалдаяқов халықтың сүйген композиторы, бақытты жан. Маған «Жәмила, мен өте бақытты адаммын, мені халық жақсы көреді, барған жерімде құрметтейді» деп айтатын», — деді Жәмила Қалдаяқова.

ҚазАқпарат

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда