jasqazaq.kz

Алматыда шағын дәріханалар қажет дәрімен әлі қамтылмаған

16 шiлде 2020, 22:42

Алматыда шағын дәріханаларда дәрі әлі жоқ. Өйткені дәрі қазір орталық дәріханаларға ғана жеткізуде. Ал шағын дәріхана иелері кезек күтуден басқа амал жоқ деп қол қусырып отыр. Мұның кесірін қарапайым тұрғындар тартуда. Кезек күтіп сабылғаны былай тұрсын, керек деген препараттарды күні бүгінге дейін таппай жүр. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Камилла Коберидзе, дәріхана иесі:

— Бізде дәрі-дәрмек жетіспейді. Фирмалар әкеліп жатқан жоқ. Кезек күтіп отырмыз. Үлкен дәріханаларға тасып, бізге келгенде жетпей қалады. Тіпті екпе мен тұмауға қарсы дәрінің өзі қанша уақыттан бері әкелінбеді.

Тексерушілер бүгінге дейін еліміздегі жүзден аса дәріхананы аралаған. Айтуларынша, нысан алдына тізілген ұзын-сонар кезекпен, дәрі-дәрмек тапшылығы әлі шешімін таппай келеді. Өйткені шағын дәріханаларда халық сабыла іздеп жүрген препараттың бірі жоқ. Сағаттап кезекте тұрған жұртшылық тіпті парацетамол, аспериндерге қол жеткізе алар емес. Өйткені дәрі сататын мұндай шағын орынға сұранысқа ие бұл дәрілер жеткізілмеген. Сынай барғандар бұған мекеменің өзін кінәлап отыр. Олар, ең керек деген препараттарға өтініш толтырмаған екен.

Саида Таукелева, Алматы қаласы қоғамдық бақылау ұйымының үйлестірушісі:

— Дәрі тапшылығы мен дәріханалардағы дүрбелең осы препараттардың жетіспеушілігінен туындап отыр. Барлығына өздері жауапкершілікпен қарауы тиіс еді. Шағын дәріханалар бүгінге дейін өтініш толтырмаған. Сол себепті халық дәрі таппай, өз кәсіптері жүрмей қиналуда.

21 қазан, 16:13
Руслан Айтанов: Экологиялық ахуалды жақсарту – басты басымдық
17 қазан, 15:29
Shymbulaqta Shyrshaly экологиялық жобасы аясында 560 түп Тянь-Шань шыршасы егілді
16 қазан, 21:11
Көкжайлау: Алматыдағы экологиялық туризмнің экономикалық әлеуеті
13 қазан, 12:25
Айдана Қасен: Қалдықтарды сұрыптау – экологиялық мәдениеттің маңызды бөлігі
12 қазан, 13:04
Әуесбек Опабек: Шымкентте экология мен жайлы ортаға басымдық берілуде
09 қазан, 13:42
Шымкентте жасанды интеллект полиция жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталуда
07 қазан, 15:02
Ұстанымы ұқсас Оман
06 қазан, 15:09
122 года спустя: Память, наследие и школа Мухамеджана Фаризова
05 қазан, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі