jasqazaq.kz

Алматыда «Сергек» камераларының саны артады

05 тамыз 2019, 14:54

Жыл соңына дейін Алматы көшелеріне 707 «Сергек» камерасы орнатылады. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметінен мәлім етті. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

Әкімдіктің ақпаратына сәйкес, Алматыда «Vision Zero Almaty» тұжырымдамасы аясында жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары іске асырылуда. Алматы әкімнің тапсырмасы бойынша мегаполисте жыл соңына дейін қосымша 707 «Сергек» камерасы іске қосылады. Олардың 400-і көше қиылыстарына, 307-сі жол жиегіндегі учаскелерде орнатылады. Бұл жүйе жылдамдықты арттырған, бағдаршамның қызыл түсіне жүрген, қызыл сызықтан асып кеткен және автобус жолағымен жүрген көліктерді бірден суретке түсіреді. Бұдан өзге, жаңа технологияны пайдалану қылмыстың ізін суытпай, жедел ашуға ықпал етеді. Полиция департаменті өкілдерінің пікірінше, мұндай бекеттердің көп болуы көлік жүргізушілерді тәртіпке шақырады. Айыппұл төлеу кезінде адам факторы жойылады. Тәртіп бұзушылық автоматты түрде бірден мәліметтер базасына түседі және көлік иесіне жіберіледі.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда