jasqazaq.kz

Алматыда «Сергек» камералары 1 млн астам заңбұзушылықты анықтады

30 желтоқсан 2020, 17:02

2020 жылдың басынан бері «Сергек» аппарат-бағдарламалық кешені Алматыда миллионнан астам жол ережесін бұзу фактісін анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Алматы қалалық полиция депаратментінің мәліметінше, «Сергек» камералары 2019 жылдың сәуір айынан бастап орнатылды. Алғашында 10 «Сергек» аппарат-бағдарламалық кешені қолданысқа берілді. Ал 2020 жылдың қаңтарынан бастап қалада 404 «Сергек» камерасы орнатылды. «Камералар қаланың барлық ауданын қамтиды. Жаяу жүргіншілер өткелдеріне, қиылыстарға, көпірлер мен көшелерге орнатылған. Жылдың басынан бері «Сергек» камералары 1 123 735 жол ережесін бұзу фактісін тіркеді», — дейді Алматы қалалық ПД әкімшілік полиция басқармасының бастығы Жандос Мұраталиев. 2021 жылы Алматыда қосымша 3286 «Сергек» камерасы орнатылмақ.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия