jasqazaq.kz

Алматыда сел қаупі сейілген жоқ

10 шiлде 2021, 11:39

Алматы тауларындағы мұздық көлдерге әуеден шолу жасалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматы тауларындағы мореналдық көлдердің жағдайын жан-жақты бағалау мақсатында «Қазселденқорғау» мемлекеттік мекемесі мен Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаменті аэровизуалдық тексеру жүргізді. Жалпы Алматы қаласының аумағында барлығы 45 морена көлі бар, оның ішінде 12 көл аса қауіпті болып саналады. Тексеру нәтижелері бойынша температуралық фонның көтерілуіне байланысты мұздықтарда қардың еруі анықталды, олар қардан шамамен 25-75% — ға босатылды. Барлық мореналдық көлдер толтыру режимінде, су деңгейі қауіпті көрсеткіштерге жетпеген, мұздықтардың қарқынды абляциясы байқалмайды. Қазіргі уақытта 8 көлде алдын алу жұмыстары басталды, эвакуациялық арналарды тазарту, оны тереңдету, сифон құбырларын орнату және монтаждау жүргізілуде. Сондай-ақ сорғы қондырғылары іске қосылды, белгіленген 9 сифон желісі бойынша су ағызылып, сондай-ақ «Қазавиақұтқару» АҚ әуе борттарымен көлдерге өнімділігі жоғары полиэтилен құбырларының сорғыларын жеткізу қамтамасыз етілді. Алдын алу жұмыстарын жүргізу үшін 90 адам жұмылдырылды. Мореналдық көлдердің жай-күйіне бақылау жүргізу үшін тұрақты негізде жұмыс істейтін 22 гидрометеорогиялық бекет бар. Бүгінгі таңда су бұлдырлығы байқалмайды. Температуралық фонның көтерілуіне байланысты мореналық көлдерді аэровизуалды тексеру аптасына 2 рет жүргізіледі.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия