jasqazaq.kz

Алматыда Сейфуллин көшесінде тұратын қыздар ұсталды

05 наурыз 2019, 11:59

Алматыда құқық қорғау қызметкерлері Сейфуллин даңғылын тексеру барысында заң бұзушылық фактілерін анықтады. Олар Түркісіб ауданындағы қонақ үйлердің бірінен «жезөкшелер тобырын» ұстады. Бұл туралы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Қала көшелерін тексеру барысында құқық қорғау қызметкерлері Сейфуллин даңғылы бойындағы қонақ үйлер, барлар және басқа да ойын-сауық орындарында жедел рейд жұмыстарын жүргізіп, жезөкшелер тобырын құрықтады.

Айта кету керек, жеңіл жүріспен айналысатын қыздардың саны бұрынғымен салыстырғанда азайған.

Анықталған «тобырдың» біріншісі теміржол вокзалының жанында орналасқан қонақ үйде, ал қалған үшеуі пәтерлерде «қызмет еткен».

Ондағы адамдардың барлығы, соның ішінде «клиенттер», полиция департаментіне жеткізіліп, қылмыстық тізім арқылы тексерілді.

Олардың ішіндегі үшеуі іздеуде жүрген қылмыскерлер болып шықты», — деді Түркісіб ауданы полиция басқармасының басшысы Думан Аухадиев.

Ақпарат көзі: nur.kz

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда