jasqazaq.kz

Алматыда саудагер әйел жолдың ортасына жатып алды (Видео)

19 сәуiр 2022, 11:36

Алматы қалалық полиция қызметкерлері арнайы рейд кезінде Розыбакиев көшесінің бойында заңсыз сауда жасап жатқан тұрғындарды анықтады. Тексеруге наразылық білдірген саудагерлердің бірі көліктің астына түспекші болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тарады. Бейнежазбадан полицейлерге наразылық білдіріп, ашуға бой алдырған әйелдің көшенің ортасына барып жатып алғанын көруге болады. Өз кезегінде Алматы қалалық полиция департаменті Розыбакиев көшесі бойындағы көтерме базар маңында орналасқан үйлердің тұрғындарының көптеген арыз-шағым түскенін мәлім етті. Осыған орай Алмалы аудандық полиция бөлімінің учаскелік полиция қызметкерлері аталған аудан әкімінің тапсырмасы бойынша жабайы сауданын алдын алу және жою мақсатында рейд жүргізді. «Құқық бұзушылар арасында –1962 жылы туған А. есімді әйел болды. Ол полиция қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынғысы келмей жолға жүгіріп шықты. Оған қытысты Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 667-баптың бірінші тармағыбойынша әкімшілік хаттама толтырылды»,- деді полициядан.

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр