
Алматыдағы Самал шағынауданындағы Life town сауда орталығынан өрт шықты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Әлеуметтік желіде Life town сауда орталығына жапсарлас орналасқан бургер және донер сататын дүңгіршектен өрт шыққаны туралы хабар тарады. Өрт сауда орталығына қарай ұласқан.
Алматы ТЖД мәліметінше, өрт 6 мамырда сағат 5:45 шамасында шыққан. Донер сататын дүңгіршектен шыққан өрт сауда орталығының екінші қабатына ұласқан.
«Өрт аумағы 150 шаршы метр. Алғашқы бөлімшелер шақыру орнына сағат 05:50-де (5 минутта) келді. Өрт 06:16-да ауыздықталып, 06:30-да сөндірілді. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр», — деді ТЖД өкілдері.