Алматының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин әлеуметтік қашықтық пен бетперде тағу режимін сақтау ережесін бақылау үшін санитар патрульдер құруға қаулы етті. Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлайды.
«Сауда кәсіпорындары қауымдастығының ұсынысына сәйкес, ауданы 1000 шаршы метрден астам сауда нысандарына (COCO, CY, базарлар), қоғамдық тасымалдауды жүзеге асыратын ұйымдарға (автобус, троллейбус, метро) келушілердің өз объектілерінде әлеуметтік қашықтық және бетперде тағу режимін сақтауын тұрақты бақылау үшін санитариялык патрульдерді қалыптастыру ұсынылсын», — делінген қаулыда.
Қаулы 2021 жылы 9 наурызда 00.00-ден бастап күшіне енеді.