jasqazaq.kz

Алматыда сайт арқылы клиент тауып, интим қызмет көрсеткен жезөкшелер ұсталды

27 қараша 2020, 9:24

Алматыда «Друг Вокруг» сайты жезөкшелер туралы жарнама берген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ІІМ сілтеме жасап жасап.

Криминалдық полиция қызметкерлері «Друг Вокруг» сайты арқылы интим қызмет көрсетумен айналысқан жезөкшелер притонын анықтады. «Жеңіл жүрісті қыздар өз клиенттеріне жалдамалы пәтерлерде ақылы жыныстық қызметтер көрсеткен. Өткен түнде полиция қызметкерлері осындай үш притонды анықтап, оның біреуінде Өзбекстан елінің 31 жастағы азаматшасы қызмет көрсеткені белгілі болды. Ал пәтер қожайындары жезөкшелерге мүмкіндік жасағандары үшін жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар, тұрғын үй пәтерлерінің бірінде массаж салонының атын жамылып, жезөкшелікпен айналысуға мүмкіндік жасаған екі пәтер әшкереленді. Аталған пәтерлерден бес жеңіл жүрісті қыз бен бір жеңгетай ұсталды», – деді Криминалдық полиция басқармасының бастығы Еркін Іңкәров. Оның айтуынша, рейд барысында анықталған барлық жезөкшелер Полиция басқармасына жеткізіліп, ұйымдастырылған мобильдік медициналық зертханада ЖИТС-қа талдау жүргізу үшін қан тапсырды.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде