jasqazaq.kz

Алматыда Сайран көлінен жігіттің денесі табылды

20 маусым 2018, 13:16

Алматыда тәулік бойы іздестірілген 29 жастағы Нұрлан Тұрлықожаның денесі Сайран көлінің батыс жағалауынан табылды. Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР ІІМ ТЖК ресми өкілі Руслан Иманқұлов айтты.

Марқұмның жақындарының айтуынша, жас жігіт таныстарымен бірге Сайран көліне демалуға кеткен. Содан қайтып оралмаған соң туыстары дабыл қақты. «ТЖК республикалық жедел құтқару жасағы мен Алматы әкімдігінің құтқару қызметінің өкілдері таңғы 8:30-ден іздестіру жұмыстарын жүргізген. Жігіттің денесі таңғы 10:02-де Сайран көлінің батыс жағалауы тұсынан табылды. Көлдің бұл тұсы шомылуға арналмаған. Іздестіру жұмыстарына 20 құтқарушы, арнайы техника мен қайықтар жұмылдырылды», — деді Руслан Иманқұлов. ТЖК ресми өкілінің хабарлауынша, жыл басынан бері 49 адам суға батқан. Оның ішінде 19 бала бар. Былтыр бұл уақытта 88 адам, оның ішінде 49 бала көз жұмған. «Қайғылы жағдайлардың көпшілігі тыйым салынған жерлерде мас күйінше шомылудың кесірінен болады. Сонымен қатар адамдар өзінің шамасына қарамайды. Балалардың барлығы дерлік үлкендердің қарауынсыз жүрген. Балық аулағанда да қауіпсіздік талаптары сақталмайды», — деді Руслан Иманқұлов.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде