jasqazaq.kz

Алматыда Сайран көлінен 8 адам құтқарылды

01 шiлде 2022, 10:08

Шомылу маусымы басталғалы бері Сайран көлінен 8 адам құтқарылды, оның екеуі бала. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, шомылу маусымы басталғалы бері белгіленбеген орындарда суға түскені және су айдындарында спирттік ішімдік ішкені үшін 24 адам әкімшілік жауапқа тартылды. Айыппұлдардың жалпы сомасы — 87000 теңге.

13 адам ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексінің 364-бабына сәйкес «Ортақ су пайдалану ережелерін бұзу» бойынша жазаланды.

ҚР ӘҚБК 440-бабына сәйкес 11 адамға «Алкогольдік ішімдіктер ішу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу» бойынша айыппұл салынды.

Сонымен қатар, құтқарушылар Сайран көлінен 8 адамды құтқарды, оның екеуі — бала.

Алматы қаласының ТЖД жалпы су пайдалану ережелерін бұзбауға және тек қаланың рұқсат етілген жағажайларында шомылуға кеңес береді.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде