jasqazaq.kz

Алматыда сайлау учаскелерінде 8 адамнан КВИ табылды

07 қантар 2021, 13:13

Алматыда сайлау учаскелерінің қызметкерлерінің арасынан 8 адамнан вирус анықталды. Бұл туралы Алматы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы, қаланың бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин онлайн брифингте айтты.

«2020 жылы 29 желтоқсанда сайлау комиссиясының қызметкерлері, бақылаушылар, сенімді тұлғалар КВИ тестілеуінен өтетіні жарияланған болатын. Бұл жұмыс 3 қаңтардың түнгі 24:00-ге дейін аяқталуы тиіс болатын. Осыдан кейін тіркеу басталды. 3 қаңтарға дейін 10 мың адам тіркелген. Оның ішінде 5000 бақылаушы, сенімді тұлғалар, басқалар да бар. Бұл жұмыстар 5 қаңтардан бастап атқарыла бастады. 2 тәулікте 5840 адам тексерілді. Қалған 4000 астам адам екі күнде тексеріледі. Осылардың арасынан 8 адамнан вирус анықталды. Олар жұмыстан шеттетілді. Олардың нақты бақылаушылар, сенімді тұлғалар, сайлау комиссиясы жұмыскерлері екенін айта алмаймыз. Бұл мәлімет аздан кейін белгілі болады», — деді Жандарбек Бекшин. Оның айтуынша, Алматыда қаңтардың басында 600-ден астам адам вирус жұқтырған.

ҚазАқпарат

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия