jasqazaq.kz

Алматыда ресейлік төлқұжатпен қырғызстандық ұсталды

26 тамыз 2019, 11:58

Қазақстанға Беларусьтан Ресей азаматының төлқұжатымен кірмек болған қырғызстандық ұсталды. Бұл туралы ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлады.

Алматы шекаралық бақылау отрядының шекара наряды «Минск – Алматы» бағытымен ұшып келген № В2-767 ОПК әуе рейсін ресімдеу барысында 1990 жылғы Ресей азаматының төлқұжатын ұсынған азамат ұсталды. Кейін анықталғандай, ұсталған азамат 1993 жылы туған Қырғыз Республикасының азаматы болып шыққан. Ол көп өтпей «Алматы-Бішкек» бағытындағы КС-109 әуе рейсімен депортацияланды. «Дәл осыған ұқсас оқиға Қорғаста да тіркелді. Халықаралық шекара бойы ынтымақтастығы орталығының аумағына кіру үшін тексеруге 1990 жылғы Қазақстан азаматының төлқұжатын ұсынған азаматтың шындығында 1988 жылы туған Ресей азаматы екені анықталды. Ол Панфилов аудандық ішкі істер бөліміне тапсырылды», — делінген хабарламада.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық