jasqazaq.kz

Алматыда Ресей полициясы іздеп жүрген алаяқ ұсталды

05 мамыр 2022, 14:57

Алмалы аудандық полиция Басқармасының мәліметінше, іздеуде жүрген 25 жастағы Ресей Федерациясының азаматы Шымкентте жасырынып жүрген, деп хабарлайды Zakon.kz.

«Шымкент қаласындағы пәтерлердің бірінде 1997 жылы туған Е.есімді азамат ұсталды. Дәл сол жерде ол РФ-ның әділет органдарынан жасырынған. Көрші мемлекеттің полиция қызметкерлері айыпталушыны есірткіні заңсыз иемденгені, сақтағаны, тасымалдағаны, дайындағаны және өңдегені үшін іздеп жүрген, ал, сол кезде Алматының полиция қызметкерлері күдіктіні бірқатар алаяқтық әрекеттерін жасағаны үшін іздеп жатқанын РФ-ның полицейлері білмеген де. Біздің деректеріміз бойынша Е.есімді азамат сайтқа арзан бағамен пәтер жалдау туралы хабарландыру жариялады. Сонымен қатар, ол өзі бұл пәтерлерді бір күнге жалға алып, кейіннен ұзақ мерзімге қайта жалға берген. Алдау және сенімге қиянат жасау арқылы қаскөй жалған келісім-шарттар жіберіп, 100% алдын ала төлемді талап етіп, кейін ұялы телефонын өшіріп тастаған. Ол үшін оның бірнеше абоненттік нөмірлері болды, олар тінту кезінде тәркіленді. Сонымен қатар, аударымдар жүзеге асырылған банктік деректемелер анықталды. Қазір алаяқтық бойынша 16 дерек дәлелденді. Сол бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде ҚР ҚК-нің 190 бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды», — дейді, Алмалы аудандық полиция Басқармасының бастығы, полиция полковнигі Есен Ысқақов.

Қазір күдікті уақытша ұстау изоляторында отыр. Жедел қызметкерлер алданған адамдардың әлі де көп болуы мүмкін екеніне сенімді.

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр