jasqazaq.kz

Алматыда порностудия әшкере болды

24 қыркүйек 2019, 8:43

Алматының Медеу ауданындағы жалға берілген пәтерлердің бірінде порностудия жұмыс істеген. Бұл туралы қалалық ПД-ға сілтеме жасап Tengrinews.kz хабарлады.

Қылмыс орнында виртуал интим қызметін ұсынған қыздар және Қырғызстаннан келген бағдарлама жасаушы ұсталғаны айтылады. Ол қыздарға техникалық қолдау көрсеткен. Сонымен қатар, тінту барысында процессор мен қызмет көрсету атрибутикасы тәркіленген. «Мұндай студияда жұмыс техникалық қамсыздандырудан бастап үш ауысыммен жұмыс істейтін қыздарға дейін бір жүйеге келтірілген. Бір ерекшелігі, олар қызметін виртуал ұсынған. Қыздар веб-камера арқылы өз жалаңаш тәнін ақшаға көрсеткен, олар АҚШ пен Еуропа сайттарының қолданушыларына қызмет көрсеткен. Клиенттер мұндай қызметтің аққысын басқа елде орналасқан сервер арқылы онлайн түрде төлеп отырған», — дейді Полиция департаментінің басшысының орынбасары Данияр Меңдібаев. Полицияның мәліметінше, «веб-модельдерді» жұмысқа іріктеу жарнама арқылы жүргізілген. Алайда әдетте уәде етілген мыңдаған долларды ешкім де алмаған. «Соталды тергеу ҚР Қылмыстық кодексінің 311-бабы бойынша жүргізіліп жатыр. Ұсталғандардан процестік тәртіпте жауап алынады, қылмыстық заңнама бойынша жауапкершілікке тартылады», — дейді полиция өкілдері.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда