jasqazaq.kz

Алматыда полковник сарбазды құтқарып қалды

20 маусым 2019, 11:44

Алматыда ҰҚК шекара қызметінің офицері, полковник Сергей Смицких ерлік жасап, сарбазды гранатаның жарылуынан құтқарып қалды. Бұл туралы ҰҚК-ның шекара қызметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап Stan.kz хабарлады.

Оқиға 19 маусымда Алматыдағы 2027 әскери бөлімінде әскери граната лақтырудан жаттығу кезінде орын алған. Сергей Смицких граната лақтыру аумағында басқарушы болып тағайындалып, сарбаздарды граната лақтыруға үйреткен.

Мұндай жаттығулар тұрақты түрде өткізіліп тұрады және әскери гранатаның өзі қолданылады екен. Бұл басқарушылардан ғана емес, сарбаздардан да үлкен жауапкершілікті, жинақылықты талап етеді.

Жаттығу кезінде қатарға жаңадан қосылған сарбаздардың бірі сасқалақтап қалып, гранатаның мұрындығын жұлғаннан кейін оны құлатып алған.

Мұны байқаған полковник Смицких бірден гранатаны жұлып алып, оны қауіпсіз жерге лақтырып, сарбазды өз денесімен жауып, қорғап қалған.

Граната қауіпсіз жерде жарылды. Алайда акоптың қабырғасын жанап өткендіктен, екі әскери қызметкер де түрлі жарақат алды.

Кезекші дәрігер әскери қызметкерлерге алғашқы медициналық көмек көрсетті. Артынша олар ҰҚК-ның әскери госпиталіне жеткізілді.

Қазіргі уақытта олардың жағдайы қанағаттанарлық. Өмірлеріне қауіп төніп тұрған жоқ, дейді баспасөз қызметіндегілер.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда