jasqazaq.kz

Алматыда полицияға тоқтамай көлігімен қашқан жүргізуші ұсталды (видео)

25 сәуiр 2021, 13:41

Алматыда жүргізуші куәлігі жоқ азамат полицейлерден қашып құтылмақ болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Әлеуметтік желіде бір көшеде көптеген патрульдік көліктің тұрған видеосы жарияланды. Куәгерлердің айтуынша мұнда шамамен 20-ға жуық машина келген. Қалалық Полиция департаментінің өкілдері бүгін таңертең әл-Фараби даңғылы мен Ғ.Мұстафин көшесінің қиылысында «Mercedes» көлігінің жүргізуші қатты жылдамдықпен қауіпті маневрлер жасағанын айтты. «Жүргізуші полиция қызметкерлерінің көлікті тоқтату жөніндегі ескертуін елемей, керісінше, жылдамдықты қоса түскен. Осыған байланыстың оның соңына бірнеше полиция көлігі түсіп, көлікті қоршауға алып, оның одан әрі қозғалысына жол бермеді. Рульде 1992 жылы туған азамат болды. 2020 жылы қыркүйекте мас күйінде көлік жүргізгені үшін сот жүргізуші куәлігінен бір жарым жылға айырғаны белгілі болды. Бүгін дәрігерлер оның есірткіге масаң күйде болғанын растады. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 346-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды», — деді Алматы қаласы ІІД тергеу басқармасыың бастығы Олжас Шәріпов. Сонымен қатар, жергілікті полиция басқармасының бастығы Манап Саттаров оған қатысты 15 әкімшілік хаттама толтырылғанын мәлім етті.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Интернет-СМИ (@kris.p.almaty.official)

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия