
Полицейлер қаққан қарт әйелдің жағдайы ауыр, деп хабарлайды Stan.kz.
«Науқасты жедел жәрдем тобы ауруханаға жеткізді. Қазір науқас жансақтау бөлімінде. Бастың жабық жарақаты, контузия, ауыр аралас жарақат, сол жақ иық пен төменгі аяғының сынуы деген диагноз қойылған. Оның жағдайы ауыр және тұрақты», — деді Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасынан.