jasqazaq.kz

Алматыда полицейлер 8,5 келіден астам есірткі тәркіледі

26 қазан 2021, 17:33

Алматыда полицейлер бес ер адамнан 8,5 келі есірткі тәркіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматы қаласының тәртіп сақшылары марихуана сатумен айналысқан топты ұстады. Қылмыстық топ 35 пен 52 жас аралығындағы бес адамнан құралған. Бәрі Алматы облысының тұрғыны. Негізгі тұлға – 1983 жылы туған Д.есімді азамат.

«Жедел және арнайы іс-шаралар нәтижесінде күдіктілердің қылмыстық әрекеті дәлелденді. Анықталғандай, есірткі заттары – марихуана және аса ірі мөлшердегі гашишты Д.есімді азамат Жамбыл облысынан жеткізеді. Күдікті мінген «Мерседес» көлігін арнайы жасақ бөлімінің қызметкерлері «Дарабоз» ықшамауданында тоқтатты. Көлікті және күдіктілердің тұрғылықты жерін тінту барысында 8,5 келіден астам есірткі табылды және тәркіленді. Атап айтқанда, «гашиш» – 4 келі 216,13 гр. және «марихуана» – 4 келі 361,01 гр», — деді Алматы қалалық ПД Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы Ерлан Әлмағамбетов.

Сонымен қатар спикер, қылмыстық кәсіпті ұйымдастырушыға тиесілі үйде үш қару табылғанын мәлім етті.

«Қарудың екеуі Жамбыл облысында ұрланғаны белгілі болды. Тағы бір қарудың кімге тиесілі екендігі тергеу тағайындаған сот-баллистика сараптамасы анықтайды. Сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне есірткіні заңсыз сату және атыс қаруын заңсыз сақтау фактісі бойынша бірден екі қылмыстық іс тіркелді», — деді полиция өкілі. Күдіктілер ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды.

17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр