jasqazaq.kz

Алматыда полицей эвакуатормен жол бойында тұрған көліктерге соғылған (видео)

02 желтоқсан 2020, 14:23

Алматыда полиция қызметкері эвакуатормен тұраққа қойылған автокөліктерге соқтығысты.

Жол апатының видеосы Желіде тарады. Онда эвакуатордың бірнеше көлікті қиратқаны көрінеді.

Қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер бұл оқиғаның 23 қарашада Алмалы ауданында болғанын айтады.

«КамАЗ маркалы эвакуатор Назарбаев даңғылынан Қабанбай батыр көшесіне қарай шығыс бағытта келе жатқан кезде қираған тірек салдарынан басқа көліктерге барып соғылған. Салдарынан жол бойында тұрған көліктер бүлінген», — деді полициядағылар.

Ведомство мәліметінше, жол апатынан ешкім зардап шеккен жоқ. Қазіргі уақытта Алмалы аудандық полиция департаменті жол апатының мән-жайын анықтап жатыр.

«Іс жүргізу нәтижелері бойынша материалдар шешім қабылдау үшін сотқа жіберіледі. Эвакуатор жүргізушісі — полиция қызметкері жауапқа тартылды», — деді полициядағылар.

Tengrinews.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде