jasqazaq.kz

Алматыда пневмониямен көбінесе әйелдер ауырады

22 шiлде 2020, 17:33

Алматыда пневмония ауруымен көбінесе әйелдер ауырған. Бұл туралы онлайн брифинг барысында қалалық Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Камалжан Надыров айтты.Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Оның айтуынша, қала стационарларында жыл басынан бері 6175 пациент емделіп шықты.

«Блокпостарды алып тастағаннан кейін ауырғандар саны саны өсті. Бүгінгі күні жағдай тұрақталып келеді. Егер маусымда пневмониямен емдеуге жатқызылғандардың саны тәулігіне 300 адамға дейін жеткен болса,онда қазір емдеуге жатқызулар саны 2 есеге төмендеді және тәулігіне 133 адамнан аспайды» , — деді Камалжан Надыров.

Сондай-ақ, амбулаториялық деңгейде жағдайдың тұрақталғаны байқалады, ағымдағы айда өкпе қабынуы бар пациенттер саны 2 есеге төмендеп 1000-нан 480-ге дейін азайды.

«Статистика көрсеткендей, пневмониямен ауыратындардың жалпы санының 60% әйелдер. Сондай-ақ, жедел жәрдем қоңырауларының азайғаны байқалады. Егер аурушаңдық шыңында (маусымның соңы – шілденің басы) шақырулар саны 3000-ға дейін жеткен болса, бүгінгі күні бұл көрсеткіш 1800 жағдайдан аспайды», — деп толықтырды ол.

Басқарма басшысының айтуынша, қазір Алматыда 9634 COVID-19 жағдайы тіркелген.

КВИ симптомдарымен үйде 2446 адам бақылауға алынған. Оның ішінде 1762 адам симптомсыз, 684 пациент симптоммен ауырған.

13 қазан, 12:25
Айдана Қасен: Қалдықтарды сұрыптау – экологиялық мәдениеттің маңызды бөлігі
12 қазан, 13:04
Әуесбек Опабек: Шымкентте экология мен жайлы ортаға басымдық берілуде
09 қазан, 13:42
Шымкентте жасанды интеллект полиция жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталуда
07 қазан, 15:02
Ұстанымы ұқсас Оман
06 қазан, 15:09
122 года спустя: Память, наследие и школа Мухамеджана Фаризова
05 қазан, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі
02 қазан, 13:16
Кино – тарих сөйлейтін тіл
01 қазан, 14:17
Шымкенттің мәдени өмірі жанданып келеді
30 қыркүйек, 20:17
Шымкент: Өрісі кеңейген өңдеу өнеркәсібі