jasqazaq.kz

Алматыда Pfizer вакцинасын қай жерде салдыруға болады

21 қазан 2021, 13:49

Алматыда барлық вакцина пунктінде Pfizer вакцинасын сақтауға арналған жабдықтар бар. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нариман Табынбаев айтты.

“Алматыда коронавирусқа қарсы Pfizer вакцинасы қаладағы барлық вакцина пунктіне жеткізіледі. Кеше Pfizer вакцинасын қолдану бойынша нақты ақпарат алдық. Қазір бізде 137 вакцина пункті жұмыс істеп тұр, сол жердің барлығында Pfizer вакцинасын салдыруға болады. Бұл вакцинаны бірінші кезеңде салдыра алатын үкімет бекіткен адамдардың үш тобы бар екенін білеміз. Олар: 12-18 жасқа дейінгі балалар, жүкті әйелдер және емшектегі баласы бар әйелдер. Алматы бойынша қазір вакцинаны мамандарды үйге немесе мектепке шақырып салдыруға болады», — деді басқарма басшысы.

Оның айтуынша, қазір қалада вакцина салдыруға жататын 176 600 бала мен емшектегі баласы бар 67 мың әйел және 20,5 мың жүкті келіншек бар.

«Бізде осындай ақпарат бар, алайда вакцина адамдардың өз еркі бойынша салынады. Сондай-ақ ата-аналардың рұқсаты болуы керек. Дәл қазір қанша адамның қай вакцина пунктінде вакцина салдыратынын, мамандардың қай мектепке барып вакцина салатынын білмейміз. Бұл ниет білдірген адамдарға байланысты белгілі болады», — деді ол.

Басқарма басшысының айтуынша, қалада барлық вакцина пунктінде Pfizer вакцинасын сақтауға арналған жабдықтар бар.

Әзірге Pfizer вакцинасы қалаға жеткізілген жоқ. Бұған дейін Табынбаев Pfizer вакцинасы қалаға 20 қазаннан кейін жеткізіледі деп жоспарланғанғанын айтты.

«Алматыға 130-дан 160 мың дозаға дейін жеткізіледі. Сондай-ақ Алматы үшін квота бөлу жағы нақтыланып жатыр», — деді ол.

Ал қаланың бас санитар дәрігер Жандарбек Бекшин Pfizer жеткізілгеннен кейін 300 мыңнан астам оқушы мен студент вакцина салдыра алатынын айтты.

«Вакцина қазан айының соңында жеткізілетіні айтылды. Pfizer жеткізілген соң 306 мыңға жуық мектеп оқушысы мен студентке вакцина сала аламыз. Бұл бізге вакцинация арқылы иммундық қабат деңгейін арттыруға мүмкіндік береді, ал ол аурушаңдыққа әсер етеді», — деді Бекшин.

Stan.kz

17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр