jasqazaq.kz

Алматыда пәтерге жасырынған қарулы топ қолға түсті

09 қантар 2022, 11:12

Алматыда арнайы операция жалғасып жатыр. Полицейлер көліктерді тоқтатып, жіті тексеруде, деп хабарлайды ҚазАқпарат 24.kz ресурсына сілтеме жасап.

Қалалық полиция департаментінің мәліметіне сенсек, арнайы операция барысында террористік акцияға қатысқан 100-ден астам адам ұсталған. Түс ауа қалада полиция қарулы адамдар мінген BMW көлігін тоқтатты. Көлікте 1990 және 1998 жылы туған екі ер адам болған. Тексеру барысында олардан тапанша мен пышақ табылды. Ал Медеу ауданында полицейлер қаруланған тағы бір топты анықтады. Арнайы операция нәтижесінде пәтер ішінен бес ер адам ұсталды. Олардан «Сайга» атты аңшы мылтығы оғымен бірге табылды. Резеңке және темір таяқтар, бензин құйылған екі бес литрлік ыдыс және алтын бұйымдар тәркіленді. Ұсталғандар қамалды. Қалада патруль полицейлері қоғамдық тәртіптің сақталуын қадағалап, 102 қызметі тәулік бойы жұмыс істеп тұр. Полицияға тәулігіне шамамен 1200 қоңырау келіп түседі.

17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр