jasqazaq.kz

Алматыда пәтер жалдаушы үй иесін өлтірді

30 маусым 2021, 10:29

Алматыда пәтер жалдаушы үй иесін өлтірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қайғылы оқиға Алатау ауданындағы жер үйлердің бірінде болған. Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, ер адам мен әйел бір бөлмені жалдаған.Үй иесі оларға ішімдік ішіп, шулауға болмайтынын айтып, ескерткен. «Ол кете салысымен екеуі ішімдік ішіп, шулаған. Үй иесі оларға ескерту жасаған. Осы кезде олардың арасында жанжал шыққан. Әйел үстелдің үстіндегі пышақты алып, үй иесіне салған. 50 жастағы ер адам сол жерде көз жұмды. Күдіктілер ұсталды. Екеуі де мас болған. Олар Алатау аудандық полиция басқармасына жеткізілді»,- деп хабарлады полициядан. Аталған қылмысқа қатысты сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия