jasqazaq.kz

Алматыда пәтер ұрылары ұсталды

15 қараша 2022, 15:14


Алматыда ұсталған қылмыстық топтың кем дегенде, үш пәтер тонағандығы дәлелденді. Бұл туралы Алматы қаласының ПД-і хабарлады.

«Екі қаскөй 1991 жылы туған. Оларды полицияның арнайы жасағының көмегімен біздің бөлімшенің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында ұстады. Орындаушы — Б.есімді азамат. Оның жүргізушісі — Т.есімді азамат, үнемі қырағы болды: ол көлікте отырды және кішкене қауіп төне қалса ескертуі керек болды. Қылмыс жасау тізбегі стандартты: күдіктілер аулаларды аралап, көпқабатты үйлердің терезелері мен кіреберістерін қарап жүрген. Олар кіреберіске кіріп, кілтті таңдау арқылы пәтерге кіретін есікті ашты және құнды нәрселердің бәрін алып шықты. Соңғы дерек Қабдолов көшесіндегі үйлердің бірінде тіркелді», — деді, Алматы қалалық ПД криминалдық полиция Басқармасының бастығы, полиция полковнигі Қуатбек Науатов.

Ұсталғандардың екеуі де бұрын ұрлық жасағаны үшін жазасын өтеген. Қазіргі уақытта күдіктілердің жалпы Алматы қаласы бойынша 3 пәтер тонау дерегіне қатысы бар екендігі анықталды.

Қаскөйлер уақытша ұстау изоляторына қамалды. ҚР ҚК-ның 188-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

16 маусым, 14:37
Сагынтай Татибаевич: Государственный язык — духовная опора нации
16 маусым, 14:24
Туркестан: за пять месяцев привлечено 614,2 млрд тенге инвестиций
15 маусым, 15:57
Туркестан: С начала года реализовано 78 бизнес-проектов
15 маусым, 13:59
Стратегическое партнерство Туркестанской области и ведущих китайских компаний выходит на новый уровень
15 маусым, 13:56
Рысдаулет Пайланулы: В Арыси расширяется сфера применения государственного языка
15 маусым, 13:06
Главная цель - повышение качества обучения государственному языку
13 маусым, 12:15
Chevron Direct Investment Fund Қазақстандағы KazBoltService өндірістік зауыты жобасына инвестиция салады
11 маусым, 14:09
Более тысячи крестьянских хозяйств Туркестанской области перешли на водосберегающие технологии
11 маусым, 14:01
В Тюлькубасском районе введут в эксплуатацию четыре новых медицинских пункта