jasqazaq.kz

Алматыда пәтер ұрылары қылмыс үстінде ұсталды

25 наурыз 2022, 15:16

Алматыда пәтер ұрылары қылмыс орнында ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Полиция мәлеметінше, күдіктілер криминалдық полиция, Наурызбай аудандық полиция басқармасы мен полицияның арнайы жасақтарының жедел-іздестіру шараларының барысында ұсталған.

«Күдіктілер «Шұғыла» ықшамауданында орналасқан көпқабатты үлердің біріндегі пәтерді тонап, алтын бұйымдарды қолды еткен. Келген шығынның жалпы сомасы — 250 мың теңге. Күдіктілер қылмыс орнында ұсталды. Олар заттай айғақтардан құтылып үлгермеген. Тұтқындау кезінде алтын сақина мен алтын алқа тәркіленді және қылмыстық іс материалдарына тіркелді», – деді Алматы қалалық ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы Қуатбек Науатов.

Ұсталғандар – 32 жастағы А. есімді Алматы облысының тумасы, 35 жастағы К. есімді ШҚО тумасы және 44 жастағы Б. есімді Жамбыл облысының тумасы. Үшеуі де бұрын мүліктік қылмыс жасағаны үшін сотты болған. Спикердің сөзінше, қылмыстық үштік мүшелері уақытша ұстау изоляторына қамалды. ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Бұл топтың Наурызбай ауданы аумағында жасалған 6 пәтер тонауына қатысы бар-жоғы анықталып жатыр.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде